Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атты сақшылар саяжайларды патрульдеуге көшті

Петропавлда атты сақшылар саяжайларды патрульдеуге көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда сәуірдің 6-сы Заречное және Новопавловка кенттерінде саяжай қоғамдастықтарындағы тәртіпті қадағалауға салт атты полицейлер шықты. Олар саяжай қоғамдастықтарының төрағаларымен, күзетшілерімен байланыс орнатып, телефондарымен алмасады, сондай-ақ, учаскелердегі жағдаймен танысады. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың ашылуы тұрғындармен жүргізілетін өзара қарым-қатынасқа тікелей байланысты.

“Біз төтенше жағдай режимінің ережелерін саяжай қоғамдастықтарының төрағаларына түсіндіреміз”, – дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының ЖПҚБ құрамындағы кавалерия взводының командирі Жақсылық Қожелдақов. – Азаматтар денсаулықтарын сақтап, өздерін оқшаулауы тиіс. Пандемия өршіп тұрғандықтан бір жерде үш адамнан артық жиналмау, екі метрдей арақашықтықты сақтау қажет екенін еске саламыз. СҚО Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен мен дәріханаға шығуға, сондай-ақ қоқыс шығаруға болады. Саяжайлар бұл тізімге кірмейді. Сондықтан басыңызды қатерге тігіп, тәуекелге барудың қажеті жоқ”.

Су тасқыны да болуы қаупі бар. Саяжай учаскелеріне су кенеттен келіп қалуы мүмкін болғандықтан күзетшілер үнемі сақ болуы тиіс.

Салт атты сақшылардың бағыттары 17 саяжай қоғамдастықтарының аумағы арқылы өтеді. Коронавирус бойынша жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты саяжай маусымы кейінге шегерілді. Дегенмен де, саяжай ұрлықтарын болдырмау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Саяжай учаскелері бау-бақша маусымы аяқталғанша тәртіп сақшыларының бақылауында болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру