Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік ит көлік жолаушының шұлығынан есірткі тапты

ШҚО-да қызметтік ит көлік жолаушыларының бірінің шұлығынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығысқазақстандық полицейлер стационарлық бақылау бекетінде тағы бір «шөпке» әуес болған адамды ұстаған.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында «Шеп» СББ-де кезекшілік кезінде тәртіп сақшылары жоспарлы тексеру үшін Шемонаиха қаласының 66 жастағы тұрғынының басқаруындағы Daewoo автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонына бірінші болып лақап аты Барон қызметтік-іздестіру итін кіргізілген. Жас жігіттен жеке тінту кезінде полиция қызметкерлері азаматтың шұлығынан өсімдік тектес заты бар полимер бумасын тауып, тәркілеген.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 0,45 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160-қа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру