Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полицейлер соңғы сапарға шығарылды

Қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полицейлер соңғы сапарға шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиевті жерлеу рәсімі өтті.

Тәртіп сақшыларын соңғы сапарға туыстары, әріптестері мен достары шығарып салды.

– Екі учаскелік инспектор да қызметте тек жақсы жағынан сипатталды. Ал жергілікті тұрғындар олардың кәсіби біліктілігін, жауаптылығын, ұқыптылығы мен сезімталдығын әрқашан жоғары бағалаған. Дархан Сүлеев біздің бөлімде ұзақ қызмет етпеді. Ол ҚР ІІМ Алматы Академиясының Магистратурасын бітіргеннен кейін учаскелік инспектор болып тағайындалды. Бұған дейін жедел уәкіл болып қызмет еткен. Дархан ІІО жүйесінің әрбір қызметіне ішкі жағынан қызығушылық танытты, сондықтан ол өзін халықпен жұмыс жасауға арнауды шешті.
Капитан Байғазиев азаматтармен, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жақсы қарым-қатынаста болды. Азаматтар ПД-не Нұрболдың жұмысы туралы оң пікірлермен, алғыс хаттармен жиі жүгінді. Біз оның үлгілі қызметін әрқашан мысал ретінде көрсетеміз, әсіресе жас ұрпаққа, – дейді Алатау аудандық ПБ полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Анықтама: Алатау аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбаевич, 1982 жылы туған, ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет еткен.

ІІО қызмет еткен жылдары ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Ол үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен.

Еңбек еткен жылдары 13 марапатқа ие болды, оның ішінде «Үздік құтқарушы жауынгер» және «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру