Қызметтік тәртіпті нығайту жұмыстары жалғасуда
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы полиция қызметкерлері арасында қызметтік тәртіпті нығайту жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кадр қызметі Ішкі істер органдары жүйесінде маңызды болып табылады. Себебі кадр даярлау ісі мұқияттылықты талап етеді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары ауқымды.
Қазіргі таңда, қызметкерлерге азаматтармен тиісті деңгейде қарым-қатынас жасау мақсатында ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп» кодексінің талаптарын, оның ішінде «Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидаларын» сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары әр нұсқаулық жиында түсіндіріліп, айтылып жатыр.
Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды.
Қызметкерлер арасында жүйелі түрде қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған Тәлімгерлік институты, Офицерлер жиналысы мен Әйелдер кеңесі мен басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Сондай-ақ полицейлер үшін психологтардың, Ардагерлер кеңесінің, Консультативтік кеңес мүшелерінің қатысуымен өтетін кездесулер, дөңгелек үстелдер мен тренингтердің қызметкерлер үшін маңызы зор.
Департамент басшылығы жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарын басты назарда ұстайды.