Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда себепсіз жүрген тұрғындарға айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында карантин кезінде аса қажеттіліксіз қоғамдық орындарда жүрген 58 адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин кезінде аса қажеттіліксіз жүрген 58 адамға айыппұл салынды. Белгіленген шектеулерге қарамастан, қалалықтар облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып, қала бойынша әрлі-берлі жүрістерін тоқтататын емес. Мұны карантиндік шаралар енгізілгеннен бері полицейлермен өткізіліп жатқан күшейтілген рейідтік іс-шаралар куәландырады. Кешкі сағат сегізден кейін полицейлер өткізген рейд барысында көшедегі жаяу жүргіншілердің азайғаны, ал көліктердің ағылып жүргені анықталды.

Такси жүргізушілері мен жеткізу қызметі. Алайда, тәртіп бұзушыларда жоқ емес. Екі ер адам техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейді. Карантин кезінде қызметтің бұл түрін көрсетуге рұқсат етілген, бірақ жұмыс уақыты шектелген. Жұмыс күнінің үш сағат бұрын аяқталғанына қарамастан ТҚО- ның екі жұмысшысы қала бойынша жүрулерін тоқтатпаған.

Айтуларынша, олар таныстарына жол тартқан. Кешкі уақытта санкцияланбаған мұндай жүрістері үшін екі азаматтың, мән-жайды анықтағанша, аймақтық полиция пунктіне баруларына тура келді.

“Бүгінгі күні жұмыстарын жалғастырып жатқандар кешкі уақытта әрлі-берлі жүрулеріне негіз жоқ екендерін түсінулері тиіс. Қазіргі кезде дүкендер мен басқа да ұйымдар сағат кешкі алтыға дейін ғана жұмыс істейді. Бұдан кейбіреулерінің жұмыс пен үй арасына қатынауға берілген рұқсаттарын пайдаланып, қалада бейберекет жүретіндерін байқауға болады, ал бұл кезде жауапты қалалықтардың бөлігі үйлерінде отырады”,- дейді Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.


Такси жүргізушілеріміз деген басқа да жүргізушілер мен де мән-жайды анықтауға тура келді. Олар онлайн-тіркеу анықтамаларын көрсеткенмен, кешке адамдардың барлығы үйде отырған кезде қай жаққа бара жатқандарын түсіндіре алмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру