Қызылорда наркодиспансерінде есірткіге қарсы шығармалар байқауы өтті
Қызылорда наркодиспансерінде есірткіге қарсы шығармалар байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан наркология орталығының емделушілері арасында “Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін” тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
Сайысқа 25 емделуші қатысты. Қатысушылар өзінің өмірбаяны туралы және жасаған олқылықтары жайлы жазған.
Басым көпшілігі отбасын құрып бала тәрбиелеген, ал содан соң туындаған қиыншылықтар, болмаса өздерінің немқұрайлылығына байланысты ішімдікке, нашақорлыққа салынған. Көбі жоғары, арнайы орта оқу орындарын бітіріп, түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.