Қызылорда облыстық ҚАЖ қызметкері “Өрлеу” сыйлығының иегері атанды
ҚАЖ қызметкері “Өрлеу” сыйлығының иегері, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын Сырдария ауданында жастар форумы өткізіліп үздіктер анықталады. Сан салада қызмет етіп өз ісінің білгірі атанған жастар аудан абыройын биіктетіп,өзара даралануда.
Мемлекеттік жастар саясатын Іске асыруға елеулі үлес қосып аудан көлемінде белсенді қызмет атқарып жүрген 10 жасқа аудан әкімінің “Өрлеу “ жастар сыйлығы мен 100 мың теңге қаржылай сертификат табысталды. Солардың қатарында әскери, құқыққорғау қызметі бойынша Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің бастығы Асылжан Сақыбеков “Өрлеу” жастар сыйлығына ие болып, құрмет төрінен көрінді.
Асылжан Сақыбеков — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі. 2014 жылдан бері қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет атқарып келеді.
– Бұл марапат – жеке менің ғана емес, жалпы пробация қызметінің ортақ еңбегінің нәтижесі. Қоғамда заңға деген сенімді арттыру, азаматтарды құқықтық сауаттандыру – біздің негізгі міндетіміз. Болашақта да халықпен тығыз жұмыс істеп, қылмыстың алдын алу бағытындағы шараларды күшейте береміз, — дейді Асылжан Сақыбеков.
