Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінде өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл пысықталды

Қызылордада ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимылды пысықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің тоқсандық жоспарына сәйкес, ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында өрт шыққан жағдайда жеке құрамның алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында мекеменің өндірістік аймағында орналасқан дәнекерлеу цехында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

Жаттығудың мақсаты – мекемеде кенеттен тыс өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау, топ басшыларын тез арада шешім қабылдап, уақытылы тапсырма беріліп, тапсырманың орындалуы мен ұйымдастырылуын жаттықтыру және жаттығуға қатысатын жеке құрамға практикалық түрде атқаратын іс-қимылды көрсету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру