Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция 3 келіге жуық гашиштың таралуына жол бермеді

Аршалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы кентінің аумағында гашиш есірткі затын өткізумен айналысатын сатушының заңсыз қызметіне жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

55 жастағы қатысушының тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер бірнеше полиэтилен пакеттер мен өсімдік тектес есірткі заты бар 10 қағаз ораманы тәркіледі. Жүргізілген сараптама алынған заттың салмағы 2 келі 919 грамм болатын гашиш екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, оралған қағаз орамдары есірткі тұтынушыларға одан әрі сатуға арналған. Айта кету керек, қатысушы бұрын есірткіні таратумен байланысты қылмыс үшін сотталған болатын, алайда ол заңсыз бизнеспен айналысуды тоқтатпаған.

Өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу және қажетті іс-шаралары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру