Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ІІО ардагерлері тартылды

Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ІІО ардагерлері тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов жасөспірімдерге қандай да бір құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді. Сондай-ақ қылмыстың құрбаны болмау жолдарын айтып берді.

Спикер мектеп оқушыларына көшеде және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға кеңес бере отырып, кәмелетке толмағандарға түнде ересектерсіз үйден тыс жерге шығуға тыйым салынғандығын ескертті.

ІІО ардагері Клара Исламова ішімдік ішу мен жаман әдеттердің зияны туралы баяндап, балаларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.

Педагогтар өз кезегінде оқушыларға құқықтық ағарту жұмыстарын түсіндіргені үшін келген қонақтарға алғыстарын жаудырды.

– Мектептегі жасөспірімдермен профилактикалық дәрістер біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Өйткені құқық мәдениетінің деңгейін арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі кездесуден балалар барынша пайдалы ақпарат алды деп үміттенеміз. Балалар мұқият тыңдап, зор қызығушылық танытып, қызықты сұрақтар қойды, – деп атап өтті Айдос Құлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру