Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы аумағында «Қарасора-2020» іс-шарасында 64 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қызылорда облысы көлемінде 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтанның айтуы бойынша, Іс-шара Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы және т.б. қызметкерлерінің қатысуымен өткізіліп жатыр.

Іс-шара кезінде есірткі құқық бұзушылығының 64 дерегі анықталды. Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 тұлға ұсталса, оның 10-ы қамаққа алынды. Оқиға орнынан 14 мың 626 түп сора өсімдігі және екі дана атыс қаруы алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру