Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында түйе ұрысы ұсталды

Алматы облысында түйе ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле ауданының полицейлеріне Междуреченск ауылының 70 жастағы тұрғыны 2019 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында өткен ат жарысынан жеңіп алған құны 1 млн теңгеден асатын түйесінің жайылымынан ұрланғаны туралы арызданған. Сонымен қатар, түйенің иесі ұрылардың малды қасаптап жатқан орнын көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Аталған жерге шыққан жедел топ, шаруа қожалықтарының бірінде бауыздалған және бөлінген түйенің етін тапты. Полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған, Междуреченск селолық округінің аумағында орналасқан шаруа қожалығының басшысы, Екпінді ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады.
Оның айтуы бойынша ол өз шаруашылығының жанынан алдыңғы аяғы тұсалған қараусыз жайылған түйені көрген. Ұрлау мақсатында оны ауласына айдап әкеліп, бауыздауға әмір берген. Ал өзінің туыстарына түйені қарызының өтемі ретінде бергенін жеткізген. Бауыздалған малдың етін күдікті туыстарына таратпақ болған, алайда оған түйенің иесі мен полиция кедергі жасады.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және дұрыс жүріс-тұрыс туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін, ұрланған малмен қайырымдылық жасамақ болған күдікті ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1 бөлігі “Мал ұрлығы, яғни бөтеннің малын жасырын ұрлау” бойынша сот алдында жауап береді. Оған қатысты үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не мүлкін тәркілеумен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, ол бір миллион теңге көлеміндегі келтірілген материалдық шығынды толық өтеуге міндетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру