Қызылорда облысы бойынша ПД-да саптық байқау өтті
Қызылорда облысы бойынша ПД-да саптық байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің жазғы киім үлгісіне көшу туралы тапсырмасын орындау, сондай-ақ жеке құрамның үлгілі сыртқы келбетін қолдау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті саптық байқау өткізді.
Саптық байқау барысында киім-кешектің сыртқы түрін, жай-күйін, қызметтік куәліктердің, айырым белгілерінің талаптарына сәйкестігін тексеру ұйымдастырылды. Сыртқы келбетке ерекше назар аударылады — ұқыптылық, шаш қию, жарғылық аяқ киім.
Жазғы киім мен айырым белгілерін кию ережелері түсіндірілді, нысанды кию ережелерін реттейтін өзге де құжаттар жеткізілді. Ведомстволық талаптарға сәйкес саптық байқаулар жеке құрамның сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде жылына екі рет өткізіледі.