Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция қызметкері қоғамдық көлікте қалта ұрысын ұстады

Елордалық полиция қызметкері қоғамдық көлікте қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Астана қаласы ПД штаб инспекторы Асылбек Көлдеев қоғамдық көлікте қызметіне бара жатқан. Автобустың қозғалысы кезінде полицей салонда жас қыздың қасында тұрған күдікті адамды байқайды. Бірнеше минуттан кейін ер адам қыздың сөмкесін ашып, ішіне қолын салған. Қаскүнемнің бөтеннің мүлкін иемденуіне жол бермей, офицер бірден әрекет етіп, ер адамға жақындап, оның қолынан ұстап алған. Тез арада “102” арнасына қоңырау шалып, оны келесі аялдамадан шығарып, патрульдік полицейлердің келуін күтіп, тәртіп сақшыларына тапсырған.

Оның қырағылығы, сондай-ақ физикалық қасиеттері қалта ұрысын анықтауға және ұстауға көмектескен. Полицейдің бойы 1,97 см екенін атап өтсе болады.

– Мен автобуста кетіп бара жатып, өзімнің кәсіби әдетім бойынша адамдарды бақылап тұрғанмын. Бір кезде мен жолаушылардың бірінің құқыққа қайшы әрекеттерін байқап, жағдайға араласпай тұра алмадым, – дейді Асылбек Көлдеев.

Өздеріңіз білетіндей, қалта ұрылары адам көп жүретін автобустарда қарбалас уақытта өз құрбандарын іздейді.

Астана қаласының полиция департаменті олардың құрбаны болмау үшін азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Адамдар көп жиналатын жерлерде бола отырып, жеке мүлікті мұқият қадағалаңыз, қол жетімді жерлерде құнды заттарды ұстамаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру