Шымкентте «Мотокөлік» ЖПІШ аясында 80-нен аса құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте «Мотокөлік» ЖПІШ аясында 80-нен аса құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Іс-шараның 3 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 83 дерегі анықталды.
Оның ішінде: техникалық байқаудан өтпеген – 3, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 10 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ тыныштықты бұзу бойынша – 33, маневр жасау қағидаларын бұзған – 2, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген – 1, жаяу жүргiншiлермен жол жүру қағидасын бұзған – 34 жүргізуші анықталды.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Сондай-ақ, Шымкентте «Мотокөлік» іс-шарасы 8 сәуірге дейін жалғасады.