Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің қатары жас мамандармен толықты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің қатары жас мамандармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазан Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне жаңадан қабылданған 11 жас маман ант қабылдады.

Шараға сала ардагерлері мен сап түзеген тәжірибелі қызметкерлер қатысты. Сала ардагерлері жас қызметкерлерді елеулі сәттерімен құттықтап, жауапты әрі маңызды қызметте анттарына адал болуға шақырды.

– Бүгінгі ант қабылдау салтанаты мен үшін өте маңызды. Бұл менің бала күнгі арманым десем болады. Өз қызметіме адал болып, лайықты атқарамын, – деді жас қызметкер Айгерім Баймурзаева.

 

– Қазіргі таңда Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге талап күшейді. Олар біріншіден адал болуы керек, білімді әрі физикалық дайындықтары жоғары деңгейде болуы керек. Осы талаптарға сай 11 қызметкер іріктеліп, арнайы оқу дайындығынан өтті. Бүгін олар Отанға адал қызмет ету жөнінде ант қабылдады. Ант қабылдаған жас қызметкерлер анттарына адал қызмет етеді деген сенімдемін, – деді кадр саясаты тобының инспекторы Ертай Асылбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру