Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Науқас әйелге шабуыл жасаған екібастұздық 8 жылға сотталды

Павлодарда ауыр науқас әйелге шабуыл жасап, оның жинақтарын ұрлап кеткен ер адам сегіз жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір адамдар пайда табу үшін бәріне баруға дайын екендігі белгілі. Бірақ кейде олардың әрекеттері ақылға қонымды шектерден асып қана қоймай, заңды да бұзады.

2021 жылдың 23 сәуірінде Екібастұз тұрғыны Б.Момышұлы көшесіндегі өзінің досының көп қабатты үйінде қонақта болып, онымен бірге спирттік ішімдіктерді ішіп, досының 76 жастағы көршісінің жинақталған ақшасы бар екенін білген. Бірақ бәрінен бұрын оны үй иесі кіреберіс есігін кілтпен жаппайтыны қызықтырды. Өйткені, ауыр сырқаттың салдарынан көршісі жүре алмайды және үнемі төсекте жатады, оған күн сайын медицина қызметкерлері келетіндіктен, есігі ашық тұрады екен.

Мұның бәрін досымен сөйлескеннен кейін, ер адам жасырын жоспар құрған.

Бірнеше сағаттан кейін мас күйінде ол көршісінің пәтеріне бет алды. Алдын ала дайындалған бас киімді, медициналық маска мен қолғапты киіп, ол зал бөлмесінде төсекте жатқан әйелге шабуыл жасады – бетін көрпемен жауып, бірнеше минут бойы тұншықтыра бастады. Содан кейін, қорқытып, оның ішіне пышақ тіреп, ақша талап етті. Қорқып қалған әйел жастықтың астынан сөмкесін алып шықты, оның ішінде барлық жинаған ақшасы, 110 мың теңгесі болды. Бірақ, зиянкеске бұл жеткіліксіз болды, ол сондай-ақ құны төрт мың теңге тұратын “LG” ұялы телефонын және пәтер мен гараждың үш кілттен тұратын байламды алып, содан кейін қашып кеткен.

Полиция 39 жастағы қаскүнемді қысқа мерзімде анықтап, ұстады.

Тергеуші Данияр Дәуітбеков бұл істі зерттеп, болған оқиғаның толық көрінісін қалпына келтірді, сондай-ақ күдіктінің кінәсінің дәлелдері жиналды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 3-бөлігіне сәйкес аталған қылмысы үшін екібастұздық қалалық сотымен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру