Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров төрағалығымен «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында кезекті жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – ҚАЖ саласына өз үлестерін қосып жүрген жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сонымен қатар парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді.
Одан соң ҚАЖ департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы Ә.Беркінбеков баяндама жасады. Ол өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу тұрғысында жеке құраммен өткізілген шараларға тоқталып, алдағы өткізілетін міндеттерді атап өтті.
Кездесу соңында департамент бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров кадр саясаты тобына жеке құрам арасында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде тапсырма берді.