Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы полиция департаментінде 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және алдағы кезеңге басым міндеттер айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтіп, 2022 жылдың жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қылмыс деңгейі азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты.

Ауыр қылмыстар – 13,4%-ға (953-тен 825-ке), ұрлық – 21,1%-ға (1305-тен 1029-ға), пәтер ұрлығы – 49,3%-ға (221-ден 112-ге), мал ұрлығы – 39,8%-ға ( 191-ден 115-ке) төмендеді. Департамент бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов төрағалығымен өткен бүгінгі жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел-қызметтік жұмысы талқыланды.

Халықпен тиімді серіктестік орнату, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері осы жедел кеңесте нақтыланды. Облыста жол қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі. Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі – жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстары жандандырылып, оңды шаралар қолға алып отыр.

Жедел кеңес барысында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту және полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар департамент бастығының міндетін атқарушы ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.

Ішкі істер министрі тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру