Қызылорда облысы ПД қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтады
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, ардагерлерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сыр өңірінің тәртіп сақшылары 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ардагер полицейлерді құттықтады. Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлері назардан тыс қалдырылмайды. Мереке қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері және департаменттің Ардагерлер кеңес мүшелері Аяпова Жаншай, Абсадирова Аманкүл, Жұбаниязова Шаркуль апайларға, Мұхтаров Абдулла, Әлиев Төлеш ағайларға барып қайтты.
Мерекеге орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. Өз кезегінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров ардагерлерді құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Осындай беделді ардагерлер иықтарына погон тағып, құқық қорғау қызметінің ыстығына күйіп, суығына тоңған білікті мамандар саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған. Қиын қызметтің ыстығы мен суығына төзген ардагерлер жас полиция қызметкерлерін кәсіптерінің шеберліктеріне үйретіп келеді. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер департамент басшылығына, Ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.