Қызылорда облысында 8 сотталған рақымшылыққа ілінді
Қызылорда облысында сегіз сотталған рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы аудандық пробация қызметінде тұрған сегіз сотталған рақымшылыққа ілінді. Яғни, оның біреуі жазасының өтелмеген бөлігінен босатылса, жеті сотталғанның белгілі бір мерзімдері қысқартылды. Жалпы рақымшылық заңын қолдану үшін аудандық пробация есебінде тұрған 13 сотталғанның құжаты сотқа жолданған. Бүгінде бес адамның құжаты сот өндірісінде қаралуда.
– Аудандық пробация қызметі біздің қылмыс жасамай, жақсы адам болып қалыптасуымызға барынша өз үлестерін қосуда. Оның үстіне Президенттің жарлығымен рақымшылық Заңы қолданысқа еніп жатыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деді сотталған.