Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында алаяқ ауылдасын 2 млн теңгеге алдап кетті

Қызылорда облысында алаяқ ауылдасын 2 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша күні Жаңақорған аудан тұрғыны танысы мамыр айында Шымкент қаласынан төмен бағада алтын әкеліп беремін деп 2 млн. теңгесін алдап алған, сол себепті әйел Қызылорда облысы ПД-нің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 33 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол Жаңақорған ауданның тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

– Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен кешенді іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру