Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік Сырдария өзеніне батып кетті: бір адам көз жұмды

Автокөлік Сырдария өзеніне батып кетті, салдарынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша күні таңғы сағат 04:20 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарламада 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Daewoo Nexia көлігімен Алтын Орда көшесінің бойымен келіп, Сырдария өзенінің бөгетінен құлағаны туралы айтылған.

Көліктегі 27 жастағы екі азаматтың біреуі өз күшімен жағаға шығып аман қалды, ал жүргізушісі көліктің ішінде көз жұмды. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен сырттай тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалық құралдары, жедел құтқару жасағы жұмылдырылып, автокөлікті сағат 09:00 шамасында өзеннен алып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру