Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай есірткіге қарсы науқан өтті

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай есірткіге қарсы науқан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Есірткіге қарсы Тәуелсіз ұрпақ!” – бұл “Медеу” мұз айдынында өткен есірткіге қарсы науқанның ұраны.

– Мұндай ауқымды науқанды ұйымдастыруда бізге қала әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры көмектесті. Іс-шара патриоттық әнді орындаумен басталды, ол ұлттық киімдердегі би және Қазақстан Республикасының туларымен мәнерлеп сырғанаушылар және спортшылардың салтанатты маршынан тұратын флешмобпен жалғасты. Шеру аяқталғаннан кейін мәнерлеп сырғанаушылар өз өнерлерін көрсетіп, өнерлі жастар өздерінің сүйікті әндерін шырқады. Мақсат – балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу. “Егер біз бір болсақ, жау жеңіледі және жеңіс біздікі болады” деген ұран – өскелең ұрпақ пен жастардың ұраны. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық – әлемдік деңгейде өсіп келе жатқан мәселе, қазіргі заманның ең қорқынышты құбылыстарының бірі, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы  Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру