Қызылорда облысында бір күнде 500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген
Қызылорда облысында "Құқықтық тәртіп" шарасының бір күнінде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің және Қызылорда облысы ПД бастығының тапсырмасына сәйкес, 23 тамызға дейін облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.
Бір күнде 473 әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық бойынша - 18, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу - 75, ҚР-да тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру - 3 дерек тіркелген.
Жалға берілетін 57 пәтер тексерілген.
Жалпы, облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы департамент бастығының қатаң бақылауында.