Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бір күнде 500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген

Қызылорда облысында “Құқықтық тәртіп” шарасының бір күнінде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің және Қызылорда облысы ПД бастығының тапсырмасына сәйкес, 23 тамызға дейін облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.

Бір күнде 473 әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық бойынша – 18, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу  – 75, ҚР-да тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру – 3 дерек тіркелген.

Жалға берілетін 57 пәтер тексерілген.

Жалпы, облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы департамент бастығының қатаң бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру