Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ер адам танысының ақшасын қолды қылды

Қызылорда облысында ер адам танысының ақшасын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған ауданының полиция бөліміне 30 шілде күні жергілікті тұрғын үйінен ақша ұрланғандығы туралы арызданған.

Тексеру барысында белгісіз біреу шкаф ішінде тұрған 165 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Полицейлердің жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 27 шілде күні жәбірленушінің үйіне қонаққа келген 46 жастағы танысы болып шықты. Оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру