Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталғандар жер тыңайтқыштарын көбейту негізінде қайтарымсыз грант ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Жуырда Қазалы аудандық пробация есебіндегі көпбалалы әке «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, жер тыңайтқыштарын көбейту бойынша бизнес жобасын дайындап, 1,3 млн теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

– Мемлекет біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөліп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізіп жатыр. Бұл біз үшін – қуаныш. Ендігі басты мақсатым – қаламызға пайдам тиіп, жер тыңайтатын құттарды көбейтіп, кәсібімді жандандыру, – дейді сотталған азамат.

– Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттарға пробация есебіндегі азаматтар да белсенділік танытып, бизнес жобаларын дайындап комиссия мүшелеріне ұсынып жатыр. Солардың ішінде екі сотталғанның бизнес жобасы мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді. Олардың бірі жартылай фабрикатты өнім шығаратын аппаратын алуды жоспарласа, екінші жер тыңайтатын құрттарды көбейтуді қолға алып отыр. Жаза басып, жаңылған азаматтардың жеке кәсіпке бет бұруы бізді де қуантады, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру