Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғын сотталды

Қызылорда облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғын сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны, 44 жастағы әйел 2022 жылдың қазан айында жұмысқа орналастырып беремін деп екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған.

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын –  млн теңге.

Тергеу барысында күдікті әйелдің жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен анықталып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған.

21 ақпанда сотталушы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру