Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында есірткі еккен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 58 жастағы қала тұрғынын Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты далалық жерде 766 түп сора өсімдігін еккені үшін құрықтап, ұстады.

Сонымен қатар, полицейлер оқиға орнынан заң бұзушының жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтарын, яғни палатка, генератор, 20 метрлік шланга тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 3,5 келі сора өсімдігі болып шықты. Күдікті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Айта кетерлік жәйт, жыл басынан бері қызылордалық полицейлер есірткі қылмысының 96 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру