Қызылорда облысында іздеуде жүрген мал ұрысы ұсталды
Қызылорда облысында іздеуде жүрген мал ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы ПД Арал аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен қудалау органдарынан жасырынып, іздеуде жүрген күдікті, 37 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің 2021-2022 жылдары аудан көлемінде мал ұрлығымен айналысып, сыбайластарымен жәбірленушілерге 3,4 млн теңгеге мүліктік шығын келтіргені анықталған.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің басқа да мал ұрлығына қатыстылығы тексеріліп жатыр.