Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында аккумулятор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында аккумулятор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасай аудандық Полиция басқармасының Кезекші бөліміне 41 жастағы азамат MAN жүк көлігінен екі аккумуляторды ұрлаған белгісіз адамдарға қатысты заңды шаралар қабылдауды сұрап, арызданды.

Жәбірленушіге келтірілген залал 186 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы, 27 және 21 жастағы үш күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша Қарасай ауданы ПБ-да ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру