Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші трактор тізгіндеген
Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші трактор тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Ақжарма ауылында жол жүрісі қағидаларын бұзған трактор (МТЗ-80) жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында ол автокөлікті мас күйінде басқарғаны және сот шешімімен осы жылдың 18 ақпанында 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.