Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бойжеткен жатақханадағы көршісінің ақшасын қолды еткен

Астанада бойжеткен жатақханадағы көршісінің ақшасын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жатақхана тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, бөлмесінен 1100 АҚШ доллары жоғалғанын айтқан. Жедел іс-шаралар барысында Алматы ауданының полицейлері ұрлыққа жәбірленушінің 18 жастағы көршісінің қатысы бар екендігін анықтады.

Бойжеткеннің айтуынша, қолды қылған долларды жасырын алып, оны айырбастау пунктінде басқа пұлға ауыстырып алған.

Арызданушының ақшасы қайтарылды.

Оның көршісіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Пәтер есіктерін қысқа уақытқа болса да ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл еркін кіру арқылы ұрлық жасауға ықпал етуі мүмкін.

Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу “102” нөміріне қоңырау шалыңыз немесе “102” мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру