Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бірнеше күн ішінде екі мәрте көлік ұрлаған азамат қамауға алынды

Астанада бірнеше күн ішінде екі мәрте көлік ұрлаған азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға FAW жүк көлігін ұрлап кеткендігі туралы арыз түсірген. Әйел адамның айтуынша, ол көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге берген. Жөнделген көлік бір айға жуық қақпа алдында тұрған.

Тергеу кезінде ТҚКС жанынан түнгі уақытта өтіп бара жатқан күдікті ашық есікті пайдаланып, көлікті бұрағышпен оталдырып алған. Ұрланған автокөлігімен Барқытбел жолағында Daewoo Nexia автокөлігін байқаған да, қылмысты ниетімен кілтті сәйкестендіру арқылы есікті ашып, ішінен Bosch бұрағышын, компрессорды және мемлекеттік нөмірді алып кеткен. Қолды қылған мемлекеттік нөмірді жүк көлігіне тағып, қаладан шығып кеткен. Ұрланған көлікпен Ақмешіт ауылына жеткен ер адам, көлікті сонда қалдырып, қалаға таксимен оралған.

Екінші күні Мұхамеджанов көшесінде келесі есігі ашық тұрған ВАЗ 21150 автокөлігін де заңсыз иемденген. Аталған көлікпен де ол Ақмешіт ауылына жетіп, оны сонда тастаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 35 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ер адам жасаған ісін мойындады. Заттай айғақ алынды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есік-терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көліктерді дабыл жүйесімен жабдықтап, қауіпсіз тұрақтарға қалдырыңыз.Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру