Қызылорда облысында мас жүргізуші көлік айдап жүрген
36 жастағы қызылордалық жүргізуші мас күйінде көлік айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 12 ақпаны күні сағат 23:00-де Шиелі ауданының көшелерінің бірінде учаскелік полиция инспекторы жол қозғалысы ережелерін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті басқарып келе жатқан 36 жастағы аудан тұрғыны масаң күйде болып шықты.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама ресімделіп, материал сотқа жолданды.