Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 219 қылмыс ашылды

Қызылорда облысында өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 219 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында 21 қызметтік-іздестіру иті бар. Олардың үшеуі есірткі затын іздестіруге, екеуі жарылғыш затын іздестіруге, екеуі із кесу саласы, екеуі одорология бойынша және бір қызметтік іздестіру иті шабуылдау бағыты бойынша қызмет атқарады, үш қызметтік ит қазіргі таңда үйретілуде. Ал қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің теңгерімінде 17 қызметтік-іздестіру иті бар. Олар есірткі затын іздестіру, күзет қызметі (УҰИ) және ізге түсу бағыты бойынша қызмет атқарады.

– Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен өткен жылы 219 қылмыс әшкереленді. Атап айтсақ, есірткімен байланысты қылмыстар, ұрлық және тағы басқа қылмыстар, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Сонымен қатар, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 2021 жылы өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында үш сала бойынша, яғни есірткі затын іздеу, одорология – иістерді сәйкестендіру және адам иісі бойынша ізге түсу  біліктілікті арттыру курстарын  аяқтады.

Оқу курстарының қорытындысымен республика бойынша кинолог мамандардың арасында өткізілген жарыста Қызылорда ОПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы Азиз Арифов өзіне бекітілген Вена атты қызметтік итімен «Заттардан іріктеме алу» және «Абсолюттік сынақ» бойынша екі номинациядан да жүлделі II-ші орынды иеленген.

Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Бердібек Жаңғабыл өзіне бекітілген Феликс және Вулкан атты қызметтік иттерімен «Есірткі затын іздеу» бойынша жүлделі II-орынды және «Одорология» саласы бойынша III-ші орынды иеленді. Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы Әлібек Әбілов өзіне бекітілген Верный атты қызметтік итімен «Жарылғыш затын іздеу» бойынша жүлделі I-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, Жалағаш АПб кинолог маманы Шоқан Маханбетжанов өзіне бекітілген Виви атты қызметтік итімен «Із кесу» бойынша жүлделі III-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру