Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа орналастырылуда

Қызылорда облысында ауыл әкімдері мен жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары пробация есебіндегі азаматтармен кездесті, нәтижесінде есепте тұрған екі сотталған азамат жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Сунақата ауылдық округінің әкімі А.Жумадуллаев, Сүттіқұдық ауылының әкімі М.Абдуллаев  пен «Дос» шаруа қожалығының басшысы А.Балғабаев пробация есебіндегі азаматтармен кездесті.

Мақсат – пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, олардың қылмыс әлеміне қайта оралуына жол бермеу, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту болып табылады.

– Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Бүгінгі кездесу нәтижесінде есептегі бір азамат квота бойынша «Дос» шаруа қожалығына жұмысшы ретінде жұмысқа қабылданса, екінші азамат ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды, – деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру