Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 168 адам үйінде жанжал шығарғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар облысының полицейлері 12-18 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Іс-шара барысында үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 168 отбасылық жанжал шығарушы жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты материалдар сотқа жіберілді, – деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мәселен, 15 наурызда сағат 10.44-те Айманов көшесіндегі пәтерде ұлы мас күйінде анасымен жанжалдасып, оны үйден қуып шықан. Сол күні сағат 12.40-та Торайғыров көшесіндегі пәтерде ұлы мас болып келіп, қарт ата-анасын тілдеген. Ата-анасы да, жұбайы да оны тыныштандыра алмағандықтан, полиция қызметкерлерін шақырған. Отбасылық жанжалға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді. Сондай-ақ, қорғау ұйғарымдары шығарылды.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында профилактикалық есепте тұрған 4500 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру