Қызылорда облысында “Қадағалау” іс-шарасы барысында 14 сотталғанға ескерту берілді
Қызылорда облысында “Қадағалау” іс-шарасы барысында 14 сотталғанға ескерту берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша “Қадағалау” профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараны ұйымдастыру үшін жергілікті ішкі істер органдарымен бірлескен жоспар құрылды. “Қадағалау” профилактикалық іс-шарасы аясында полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімдерімен пробация қызметкерлерімен бірлескен тексерулер ұйымдастырылды.
Тексеру барысында пробация есебіндегі әрбір адамның мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді.
Қалалық, аудандық пробация қызметтері есебінде барлығы 965 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары мен жұмыс орындарынан 949 рет тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзған 14 сотталған анықталып, ”ескерту” жазасы берілсе, бас бостандығының шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін төрт сотталғанның іс-құжаттары сотқа жолданды.