Қызылорда облысында қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 412 хаттама рәсімделді
Қызылорда облысында қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 412 хаттама рәсімделді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың төрт айында республикалық маңызы бар жолда үй жануарларының қатысуымен барлығы 55 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның салдарынан үш адам дене жарақатын алған.
Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолдардың бойында үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 40 үй жануарының макеті орнатылды.
Сонымен қатар, жолдың жүріс бөлігінде қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 412 әкімшілік хаттама рәсімделді. Республикалық маңызы бар жолдарға кезекшілікке түсетін патрульдік полиция бекет қызметкерлерімен қараусыз жүрген үй жануарларын жолдың жүріс бөлігінен айдап шығару жұмыстары жүргізілуде.