Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында «Қауіпсіз жол» айлығы барысында 9365 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында «Қауіпсіз жол» айлығының 27 күнінде ереже бұзудың 9365 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы іс-шарасының 27 күнінде 9365 құқық бұзушылық анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi) – 18, аталған кодекстің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) – 13, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 8-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  – 11, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 7-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) – 257,  ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  бойынша 779 дерек анықталды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) – 340,  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) – 104, аталған кодекстің 593-бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк) – 1913, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) – 208, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) – 532, аталған кодекстің 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы– 379, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабымен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 316 дерек анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру