Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлері көшет отырғызды
Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлері көшет отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен департаментке қарасты №37, №60 мекемелері өмірдің жаңаруын бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Жаңару күні барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, департамент, мекеме ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
– Ағаш егу – ежелден келе жатқан игі амалдардың бірі. Халқымызда кез келген жан артына бір тал ағаш отырғызып кетуі қажет деген жақсы бір тәмсіл бар. Міне, осы айтылғандай, әрбір азамат ағаш отырғызса, айналамыз көгалға айналары сөзсіз, – деді департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев.