Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 600-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Тазалық” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі тәулікте 600-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамға 18-20 наурыз күндері аралығында “Тазалық” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды. Негізгі мақсат  – облыс аумағындағы заңсыз әрекеттерді жойып, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шараға қарқынды кіріскен облыс полицейлері 2 тәулік ішінде 595 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда-сатық жасаған 93 азамат жауапқа тартылды. Ал ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаны жәбірлеп тиісу, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін тыныштықты бұзу бойынша 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша 236 құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды. 

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша – 180, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру фактісімен 78 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы шаралар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сондықтан полиция тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеуге кеңес берілді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру