Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізілді

Қызылорда облысында сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Өмір баға жетпес сый» тақырыбында сотталғандарға арналған психологиялық тренинг өтті.  Тренинг мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өмірге деген құштарлығын ояту, сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту.

Іс-шараға «Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының» психолог маманы А. Аяғанова қатысып, сотталғандармен психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізді.

– Психолог мамандармен тренинг жаттығуларын өткізу жазасын өтеп жатқандар үшін көп пайдасы бар. Мамандармен сөйлесіп, тілдесіп, өз ойымызды ашық айтып, болашаққа деген көзқарасымыз өзгереді. Өмірге деген құлшынысымыз артып, отбасымызға тезірек оралсақ деген үміт бізді алға жетелейді. Өзім жиі психологтың қабылдауына жазылам, толғандырып жүрген сан сұрағыма осы мамандар толыққанды жауап беріп, мені өмірге деген құштарлығымды оятады. Мекеме психологтарына  алғысым шексіз, – деді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру