Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 135 дана трамадолды ерекше тәртіптегі колонияға лақтырмақ болды

ШҚО-да 135 дана трамадолды ерекше тәртіптегі колонияға лақтырмақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері ерекше тәртіптегі колонияға есірткі жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Іргелес аумақты патрульдеу кезінде мекеме қызметкерлер таңғы 5-тер шамасында скотчпен оралған екі түйіншекті тәркіледі, оны белгісіз адам негізгі қоршау арқылы колониядағы сотталғандарға лақтыруға тырысқан.

– Лақтырмақ болған адам өз жоспарын жүзеге асыра алмады, ол патрульді көріп, екі дана түйіншектелген орамды сотталғандарға лақтырып үлгермеді. Қызметкерлермен Өскемен қ. ПБ полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, түйіншектелген заттың ішінен екі ұялы телефон, 135 дана трамадол және алты 0,5 мг сыйымдылықтағы, белгісіз зат табылды, – деді  Жасұлан Баденов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру