Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 5 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен бес қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3-9 мамыр аралығында Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының “102” нөміріне түрлі сипаттағы 7 242 қоңырау келіп түсті. Оның 3 113-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен бес қылмыс ашылды.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 723 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – бес жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 22, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 18, жол қозғалысы ережелерін бұзу 589 және өзге де 89 құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру