Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар сурет байқауына қатысып, төлем картасын ұтып алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің арнайы контигент арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің теололог пен психолог мамандары бірлесе отырып, оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізіп отырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соның бірі ретінде таяуда мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандар арасында сурет салу байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша қамаудағы азаматтар "Рәміздерім - мақтанышым" тақырыбында ұлттық нақыштары бар сурет салып, байқауға қатысты.

Байқау болғандықтан ынталандыру мақсатында "Асыл мұра - Орда" қоғамдық қоры демеушілік жасады. 

- Бүгін сотталған азаматтар өз қалаулары бойынша қымыз жинақтарын, киіз үй, домбыра мен бәйтеректің эскизін салды. Жарыс нәтижиесі бойынша бірінші орынға - 5 мың, екінші орынға - 4 мың, үшінші орынға - 3 мың және екі ынталандыру силығы ретінде 2 мыңдық "Тарлан" төлем картасын бердік, - деді қордың үйлестірушісі Ұлбибі Дастанбекқызы.

Бұл картамен олар таксафон арқылы жақындарымен сөйлеседі.

- Бұндай іс-шаралар сотталғандардың бостандыққа шығуға, түзелу жолына түсуге талпындырып, оң бағытқа жетелейтіні анық, - дейді, мекеме теологы Р.Рузиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру