Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық жас кикбоксшылар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады

Жамбылдық жас кикбоксшылар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! Біз есірткіге қарсымыз!”, – бұл Жамбыл облысы кикбоксинг федерациясының №6 спорт мектебі тәрбиеленушілерінің ұраны.

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы шеңберінде өткен кездесуде жас спортшылар Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тарту мәселелерін талқылады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткізілетін мұндай кездесулердің мақсаты – жастардың назарын нашақорлық проблемаларына аудару және бірлескен профилактикалық жұмысқа шақыру. Нашақорлық термині грек сөздерінен шыққан narke – “ұйқышылдық”, ал mania – “құтыру, ессіздік”. Кез келген есірткі денсаулыққа орны толмас зиян келтіретінін бәрі біледі. Өкінішке орай, дәл қазір балалар қауіпті аймақта. Сондықтан жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмысты қарқынды жүргізу өте маңызды, – деп атап өтті облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру