Қызылорда облысында сотталғанның анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын білдірді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мекемесінің бастығы Қайырбек Ильясовтың атына сотталғанның анасынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қамауда отырған шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған ер адамның анасы Қалдыбаева Жанар мекеме қызметкерлеріне кішіпейілділігі үшін ризашылығын білдіріп, мекеме бастығының атына алғыс хат жазды.
– Мен №1 бақылап өткізу бекетінің бақылаушысы Ақмарал Тоқжолова мен сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкер Қанат Сақтағановқа және жасақ бастығы Нұрсұлтан Ниязовқа көрсеткен қызметтері үшін алғысымды білдіремін. Екі жылдан бері осы мекемеге келіп-кетіп жүргенде бұл қызметкерлер әрдайым кішіпейілдік танытып келеді. Қойылған сұрақтарыма дұрыс жауап беріп, жол көрсетіп отырады. Осы қызметкерлерді тәрбиелеп, мекеме жұмысын дұрыс ұйымдастырып отыған мекеме бастығы Қайырбек Ильясовқа өз ризашылығымды білдіремін, – деп жазылған ақжаулықты ананың хатында.